🔰 2024 жылғы 31 желтоқсанда "Ертіс орманы" және "Семей орманы" резерваттарының туризм және экологиялық ағарту бөлімдерінің мамандарына арналған аймақтық семинар өтті.
✅ Іс-шара "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында көршілес резерваттардың туризм бөлімдерінің бірлескен жұмысына бағытталды.
🔰 Семинар барысында әріптестер жергілікті халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мәселелерін талқылады, қоршаған ортаны қорғауға өсіп келе жатқан ұрпақты тарту бойынша әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ "Марш парков-2025" халықаралық экологиялық акциясын өткізу бойынша пікір алмасты.
✅ Семинарға қатысушылар "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына халықты жаппай тарту бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы шешім қабылдады.