Ағымдағы жылдың 05 желтоқсан күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының табиғи кешен және нысана қорғау бөлімінің жедел тобының мемлекеттік инспекторы Қобланды Атығаев Павлодар облыстық «Halyq Radiosy» радиосында «Жаңа жыл қарсаңында жас қылқан жапрақты жас шыршаларды қорғау» бойынша сұхбат берді.
Сұхбат барысында облыс тұрғындарына табиғи резерват аумағында жас қарағай ағашын қорғау акциясы басталуымен, атқарылатын іс- шаралар барасымен танысытрды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған азаматтардың қатаң жауапкершілікке тартылатыны және айыппұл мөлшерін нақтылады.
Сұхбат соңында жаңа жылды орман ресурстарына зиян келтірместен қарсы алып және туған табиғатымызды сақтауға өз үлестерін қосуға шақырды.