Өртке қарсы аншлагтар мен плакаттар – табиғатта абай болу қажеттілігі туралы еске салу құралы.

«Ертіс орманы» табиғи резерватының  Шалдай және Бесқарағай филиалдарының аудандық және облыстық тас жолдар бойында, қарағайға кіре беріс жолдарда, демалыс аумақтарында орман өрттерінің және браконьерліктің алдын-алу, ақпараттық, туристтік маршуттарда жүріп-тұру  ережелері тақырыптарында 100-ден астам аншлагтар орнатылған. Жыл сайын аншлагтар қалпына келтіріліп және жаңартылып тұрады.

Аншлагтарда орман өртін, табиғат заңнамасын бұзуды анықтаған жағдайларда хабарлау үшін байланыс нөмірлері көрсетілген.