«Ертіс орманы» МОТР РММ-нің мемлекеттік орман инспекторлары өрт қаупі жоғары кезеңде орман өрттерінің алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыруда.

Азаматтарға орман өртінің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Сонымен қатар, орман алқаптарына дрон аппараты арқылы әуеден бақылау жұмыстары ұйымдастырылды.

Құрметті өңір тұрғындары!
Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, орман алқаптарында от жағудан және жанғыш материалдарды пайдаланудан бас тартуға шақырамыз.

Табиғат — ортақ байлығымыз. Оның қауіпсіздігі — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.

 

 

Изображение_WhatsApp_2025-07-25_в_12.09.39_aa975744.jpg

Изображение_WhatsApp_2025-07-25_в_12.09.40_c0641ea2.jpg