2025 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында резерват аумағында жас қылқан жапырақты ағаштарды қорғау мақсатында “Шырша” табиғат қорғау акциясы өтеді.

Акция аясында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, негізгі жолдарда тәулік бойы күзет жүргізілетін арнайы бекеттер орнатылады.

Баршаңызды заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырамыз! Табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Егер сіз заң бұзушылықтың куәсі болсаңыз, келесі нөмірлерге хабарлауыңызды сұраймыз:

- 8 (7182) 78-77-32

- 102

Табиғатты бірге қорғайық!