Ағымдағы жылдың 03 маусымында Шалдай филиалының Шалдай орманшылығы 124 орамында Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шалдай ауылының жанында орман күзетінің инспекторлары мен Шарбақты ауданының ТЖБ және ПБ қызметкерлері өртті ерте анықтау жүйесінің бейнебақылау көмегімен орман өртінің туындауына кінәлілерді анықтады.
Бұл жүйе табиғи резерваттың орман алқабының, сондай ақ елді-мекендер аумағындағы жағдайды тәулік бойы қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді.
Кәмелетке толмаған азаматтардың отпен абайсыздығы өртке себеп болғаны белгілі болды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт тез сөндіріліп, ауданы 0,01 га құрады.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материалдар сотқа жіберілді.
Құрметті өңір тұрғындары, ормандардағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауыңызды сұраймыз! Өртті абайсыз пайдалану үлкен апатқа әкелуі мүмкін!