«Ертіс орманы» резерватында орман өрттерінің алдын алу мақсатында минералданған жолақтарға күтім жасау жұмыстары жүргізілуде.
Минералданған жолақтар – өрттің таралуына тосқауыл болатын арнайы өңделген аумақтар. Мұндай жұмыстар табиғи байлықты, орман қорын және жануарлар дүниесін сақтауда маңызды рөл атқарады.
⠀
✅ Шөп пен өсімдіктер жамылғысын тазалау
✅ Техникамен қайта өңдеу
✅ Қосымша өртке қарсы кедергілер жасау
Аталған іс-шаралар орман алқаптарының қауіпсіздігін арттырып, өрт қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
#ЕртісОрманы #ӨртҚауіпсіздігі #ОрмандыҚорғайық #МинералданғанЖолақ #ТабиғаттыАяла #ОрманӨртініңАлдынАлу






