Мекеменің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бас жоспарға енгізілген түзетулерге сәйкес, 2026 жылы «Ертіс орманы» орман табиғи резерваты аумағында алғаш рет туристік, рекреациялық және мәдени-ағартушылық мақсаттар үшін жер учаскелерін қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (25 жылға дейін) пайдалануға беру жоспарлануда.

«Ертіс орманы» МОТР РММ аумағында экотуризмді дамытуға мүдделі барлық тұлғаларды 2026 жылғы 25 ақпанға дейін өзіңізді қызықтырған жер учаскесіне өтінім беруге шақырамыз.

Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

8-705-456-7108, 8771-394-3273.

Жер учаскелерін беру жөніндегі конкурс қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төмендегі нормативтік құқықтық актілер негізінде өткізілетін болады:

• Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығы «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;

• Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 199 бұйрығы «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары».

Сіздердің белсенді қатысуларыңызға және аумағымыздағы туристік инфрақұрылымды бірлесіп дамытуға сенім білдіреміз!