Орман өрттері – бұл әдетте кең аумақтарды қамтитын табиғи апат.
Бұл ретте жануарлар зардап шегеді және өледі, баға жетпес «жасыл байлық» жойылады, бай орман фаунасына орны толмас зиян келтіріледі – бұл орман өртінің өкінішті, қайғылы нәтижесі.
Көп жағдайда орман өрттерінің себебі – орманға құнтты қожайын ретінде емес, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейтін немқұрайлы адам болып келетіндердің бейқамдығы.
Сондықтан өрт қауіпті маусымда орман өрттерін болдырмау мақсатында тыйым салынады:
• орманда ағаштардың астында от жағуға;
• орманда жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын лақытруға;
• орманда майланған немесе бензин сіңген заттар және шыны заттарды қалдыру.
Өрттің басталғанын байқасаңыз, оны сөндіруге шаралар қабылдаңыз. Сөндірудің ең қарапайым және қол жетімді әдісі - өрттің жиегіндегі жалынды жасыл бұтақтармен жабу, сумен толтыру, дымқыл топырақ шашу, аяқпен таптау.
Егер Сізде оны өз бетіңізше ауыздықтай алмасаңыз:
- өрттің орны, ауқымы мен сипаты туралы резерваттың орман күзетіне (87182)78-77-32, 87056019680 немесе ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызметіне 112 қысқа нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Қырағы және мұқият болыңыз!