«Ертіс орманы» ұжымы Астахова Нина Степановнаны 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Сіздің ғасырлық ғұмырыңыз – төзімділік пен еңбектің, өмірлік даналықтың үлгісі. Өмір жолыңыз оқиғаларға бай, жүрегіңіз адамға деген мейірім мен өмірге деген сүйіспеншілікке толы.

Туған өлкенің дамуына қосқан үлесіңіз бен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз.

Сізге зор денсаулық, жан тыныштығы, отбасыңыздың жылуы мен жақындарыңыздың қамқорлығын тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, ғұмырыңыз берекелі болсын.
Сіздің ұзақ ғұмырыңыз баршамызға үлгі болғай!
Құрметпен,
«Ертіс орманы» ұжымы

 

 

image-24-11-25-09-07.jpegimage-24-11-25-09-07-1.jpegimage-24-11-25-09-07-2.jpeg