Резерват аңшылықтанушылары жабайы жануарларды азықтандыру үшін дәнді дақылдар егуде.
🌾Азық ресурстарын ұлғайту, сондай-ақ тұяқтылар мен жануарлардың санын сақтау және көбейту мақсатында жемшөп алқаптарын құру маңызды биотехниялық іс-шаралардың қатарына жатады.
🌾Жем-шөп алқаптары жазғы жем-шөп қорын кеңейтеді және тұяқтыларды шоғырлануы қажет жерлерде ұстайды. Бұл егістер негізінен елік пен бұланға, құстарға арналған.
🌾 Мұндай алқаптардың ассортиментінде дәнді дақылдардың келесі түрлері (сұлы,арпа,қарақұмық,күнбағыс)бар.
🔰 Аңшылықтанушылар аумақтағы жануарлардың жалпы жай-күйіне және егілген алқаптарға жануарлардың келуіне үнемі мониторинг жүргізіп отырады.
БАСҚАРМА АҢШЫЛЫҚТАНУШЫСЫ АДИЛЬБАЕВ К.