Резерват аңшылықтанушылары жабайы жануарларды азықтандыру үшін дәнді дақылдар егуде.

Азық ресурстарын ұлғайту, сондай-ақ тұяқтылар мен жануарлардың санын сақтау және көбейту мақсатында жемшөп алқаптарын құру маңызды биотехниялық іс-шаралардың қатарына жатады.

Жем-шөп алқаптары жазғы жем-шөп қорын кеңейтеді және тұяқтыларды шоғырлануы қажет жерлерде ұстайды. Бұл егістер негізінен елік пен бұланға, құстарға арналған.

Мұндай алқаптардың ассортиментінде дәнді дақылдардың келесі түрлері (сұлы,арпа,қарақұмық,күнбағыс)бар.  

Аңшылықтанушылар аумақтағы жануарлардың жалпы жай-күйіне және егілген алқаптарға жануарлардың келуіне үнемі мониторинг жүргізіп отырады