Табиғи резерватта резерватты отырғызу материалымен толық қамтамасыз ететін 2 тұрақты орман тұқымбағы бар.
Ағымдағы жылы резерваттың орман тұқымбақтарында 6,5 млн дана отырғызу материалы өсірілді.
Табиғи резерваттың орман тұқымбағынан көшеттер ормандарға отырғызуға дайындалады.
Шалдай және Бесқарағай орман тұқымбағында орман екпелерін құру үшін отырғызу материалын қазып алу аяқталуға жақын.
1,7 гектар алқапта 3,5 миллион дана кәдімгі қарағай көшеттері қазып алынды.
Тракторлардың көмегімен орманшылар жер қабатын төңкермей көтереді - екі жылдық қарағай көшеттерінің тамыры қажетті тереңдікте 25-30 см кесіледі. Содан кейін өскіндерді арнайы қар үйінділеріне апарып көмеді. Онда көшеттер оларды отырғызу уақыты келгенше сақталады-арнайы технологиямен тығыздалған және шөппен жабылған қар шілдеге дейін ерімейді, ал екі жылдық қарағайдың көшеттері отырғызғанға дейін сол күйінде өспей жата береді.
Ағымдағы жылы орман екпелерін 2828 гектар алаңда 14 млн. қарағай көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Көктемде 1048 гектар, күзде 1780 гектар. Отырғызу қолмен және механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.