Ағымдағы жылдың 03 маусымында туризм бөлімінің мамандары - "Лешкина тропа" туристік соқпағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Соқпақ қарағайлы орманмен өтеді, онда әдемі ландшафт, таза және хош иісті ауа, туризм мамандарының қолымен жасалған ертегі кейіпкерлері бар.
Туристттік соқпақта жайлы демалыс үшін көрсеткіштер, демалу үшін орындықтары бар үстелдер қарастырылған.
Барлық ертегі кейіпкерлері ретке келтірілді. Сондай-ақ, комсомол Степан Шайтановтың Садықашы ауылындағы ескерткіші ақталып, боялды.
Резерват аумағындағы туристтік соқпақтар мен «Қарағай алаңы» қонақтарға арналған үй бойынша толық мағұлматты келесі байланыс нөмірі арқылы ала-аласыздар: 87054723799 87779542032