Ағымдағы жылдың тамыз айының басынан бастап "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерваты" ЕҚТ аумағында экологиялық пост іске қосылады.

Аталған экопост Шалдай-Шарбақты тас жолында, Садықащы орманшылығы аумағындағы Ғабдыл Уахит Хазрет кесенесіне бұрылыста орналасқан.

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 Заңының 3-бабының 5-тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі қағидаттар болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлемақы ҚР Салық кодексінің 589-592-баптарының негізінде жүзеге асырылады.

"Осыған байланысты табиғи парктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағына жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, автобус жолаушылары және басқа да автокөліктер үшін кіру ақылы.

ЕҚТА шекарасында орналасқан елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар және "ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" ҚР Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарынан ғана төлем алынбайды. Бұл ретте, салық заңнамасына сәйкес мектеп оқушыларына, зейнеткерлер мен мүгедектерге ЕҚТА пайдаланғаны үшін жеңілдіктер көзделмеген"

30.12.2020 жылғы №27-5-6/253 бұйрығының 22-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері" - ЕҚТА аумағына кіру ақысы тәулігіне 671,8 теңгені құрайды.