Табиғи резерваттың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес бөлім мамандары кезекті дала жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, екпелер санатының жағдайын күзгі түгендеу,тұрақты сынақ учаскелерінде және табиғи қарағай өсінділерінің орман жамылғысының астындағы өлшемдері алынды. Стационарлық құдықтардағы жер асты суларының деңгейі өлшенді.