Сәуір айының 7 жұлдызында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және қолдау мәселесіне орай, жерлестерімізді табиғатқа деген, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында Парктер шеруі -2023 Халықаралық табиғат қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті.
Облыстық деңгейде бастау алған маңызды іс-шараға Шарбақты және Аққулы аудандарынан 100-ден астам оқушылар мен табиғат жанашырлары, Павлодар облысы аумақтық инспекция өкілдері, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы, Торайғыров университетінің студенттері, "Жасыл ел" штабы, "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық" тәрбиеленушілері мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық" аумағында 100 тал қайың ағашы отырғызылды.
Акция шерумен жалғасын тапты.Қатысушылар табиғатты қорғауға шақыру ұрандарымен облыс көшелерімен жүріп өтті.
Іс-шара Шарбақты және Аққулы мектеп орманшылықтары дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.
Халықаралық акцияға белсене қатысқан қатысушыларымызға алғыс білдіреміз!
Парктер шеруі акциясының ашылу салтанаты бұл ауқымды экологиялық акциялардың бастамасы.
Экологиялық мәселелерді шешуге өз үлесімізді қосайық!
Табиғи байлығымызды бірге сақтайық! Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдану және табиғатты сүю, аялау қорғау бәрімізге ортақ міндет!