«Ертіс орманы» МОТР РММ келесі орманшылықтарында отындық ағаш бар Шалдай филиалы (Шарбақты ауданы):
Шалдай орманшылығы
Садықащы орманшылығы
Степной орманшылығы
Заводской орманшылығы
Шошқалы орманшылығы
Первомай орманшылығы
Бауыртал орманшылығы
Галкин орманшылығы
Бесқарағай филиалы (Аққулы ауданы):
Бесқарағай орманшылығы
Майқарағай орманшылығы
Баймбет орманшылығы
Көктерек орманшылығы
Тайбағар орманшылығы
Көкжал орманшылығы
Маралды орманшылығы
Отындық ағаштың бағасы 1 м3 – 3500 теңге.
Ағашты босату тәртібі:
- клиент орман өнімдерін сатып алу үшін дайындалған сүректің бар көлемі бойынша орманшымен келісу визасымен филиал директорының атына (бұрын) өтініш береді;
- филиал директоры көрсетілген өнімді салыстырып тексеру және осы орманшылыққа жіберу үшін табиғат пайдалану инженері мен орманшыға клиенттің өтінішіне қарар жазады. Табиғат пайдалану инженері өз кезегінде өтініштің көшірмесімен Клиентті орман өнімдерін тиеу үшін аталған орманшылыққа жібереді. Орман шебері орман өнімдерін жөнелтуді және өлшеуді жүргізеді, өлшеуді, орамды, көлік құралын және мемлекеттік қосымшамен, ағаш кесу билетінің нөмірі мен берілген күні жапсырма жазады;
- жапсырмасы және өлшеу қосымшасы бар клиент жапсырмаға сәйкес орман өнімдерін босатуға наряд жазу үшін филиалдың табиғат пайдалану инженеріне жіберіледі;
-нарядты алғаннан кейін клиент көрсетілген соманы төлейді және мекеменің кассасында орман өнімдерін босатуға арналған жүкқұжатты 2 данада алады. Орман өнімдерін босатуға арналған жүкқұжатты қолда бар үлгіге сәйкес, алдыңғы жағын кассир, ал екінші жағын орманшы толтырады. "Қазпошта" бөлімшесі бар орманшылықтарда жүкқұжат клиент белгіленген код бойынша бөлімшеге орман өнімі үшін төлем енгізгеннен кейін орманшыға беріледі:
- төлегеннен кейін клиент орманшылыққа бір данасы орманшылықта, екінші данасы клиентте қалатын сыртқы жағындағы жүкқұжатпен толтыру және орманшыларға қол қою үшін жіберіледі.