Орман шаруашылығы – табиғатты аялау ғана емес, нағыз жауапкершілікті, адал еңбекті талап ететін сала. Осы салаға бар ғұмырын арнаған жанның бірі – Огнев Юрий Николаевич.
🔹 40 жылдық еңбек жолы – бұл тек уақыт емес, қажырлы еңбек пен терең тәжірибенің белгісі. 1988 жылдан бері Шалдай филиалының жөндеу механикалық шеберханасында токарь болып қызмет етіп, орман шаруашылығына өз үлесін қосып келеді.
🔹 Кез келген техника мінсіз жұмыс істеуі үшін ұсақ бөлшектердің өзі аса маңызды. Сол бөлшектерді дәлдікпен жасаушы – токарь. Юрий Николаевич – осы істің хас шебері, өз ісінің майталманы.
🔹 Ол жылдар бойы жинаған тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, оларға бағыт-бағдар беруден жалықпайды. Оның ізін жалғап, ұлы Евгений Огнев те әкесімен қатар 16 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді.
🛠 Техника – мінсіз, маман – шебер, еңбек – адал!
Юрий Николаевич тек кәсіби маман ғана емес, өз өңірінің жанашыры. Ол Шалдай ауылдық округі атынан екі рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланып, туған өлкесіне қызмет етті.
✨ Оның еңбегі лайықты бағаланып, Шарбақты ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
🔹 Павлодар облысының 75 жылдығына орай, оның есімі Даңқ Аллеясында алтын әріппен жазылды!
Кішіпейілдік, адалдық, кәсібіне деген шынайы сүйіспеншілік – міне, нағыз еңбектің бейнесі!