«Ертіс орманы» МОТР РММ-нің туризм және экологиялық ағарту бөлімі Шалдай ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған Қазақстан халықтары фестивалін ұйымдастырды.
Шараға Шалдай, Есілбай, Шегірен, Майқарағай және Шақа орта мектептерінің оқушылары қатысты. Олар әр ұлттың дәстүрін таныстырып, ұлттық тағамдардан дәм татқызып, шығармашылық нөмірлер ұсынды.
Интерактивті алаңдарда ұлттық ойындар ойнатылды. Фестивальдің ерекше сәттерінің бірі – Африкадан келген қатысушының өнер көрсетуі болды. Оның ырғақты әуені балалар мен ересектерді де ерекше шабыттандырды.
Фестиваль соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекені ұйымдастыруға қолдау көрсеткен демеушілер мен серіктестерге алғыс білдіреміз!

 

 

image-25-11-25-05-42.jpgimage-25-11-25-05-42-1.jpgimage-25-11-25-05-42-2.jpgimage-25-11-25-05-42-3.jpgimage-25-11-25-05-42-4.jpgimage-25-11-25-05-42-5.jpgimage-25-11-25-05-42-6.jpgimage-25-11-25-05-42-7.jpgimage-25-11-25-05-42-8.jpgimage-25-11-25-05-42-9.jpgimage-25-11-25-05-42-10.jpg