Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ұлтымыздың ұлы тарихының, бабаларымыздың ерлік пен бірлікке толы жолының жемісі. Тәуелсіздік – біз үшін баға жетпес құндылық, жарқын болашаққа деген сенім мен рухани күштің қайнары.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен амандық, ал еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Ортақ Отанымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз әрдайым жемісті болсын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Ізгі ниетпен, бас директордың м.а. Қ.Қ. Әметов және “Ертіс орманы” МОТР РММ ұжымы