🌿 «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының туризм және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері Шарбақты ауданының № 2 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырды.
🚒 Оқушылар орман өрт сөндіру станциясына барып, өрттің алдын алу мен сөндіруде қолданылатын техникамен танысты.
🛡️ Сондай-ақ шекара заставасы мен авиациялық бөлімшеге барып, шекарашылардың қызметі және орманды әуе арқылы бақылау жұмыстары туралы білді.
🌳 Экскурсия табиғат аясындағы серуенмен аяқталды. Оқушылар орман экожүйесімен танысып, табиғатты қорғаудың маңызын түсінді.
🌱 Орманды қорғау — болашақты қорғау!
#ЕртісОрманы #ЭкологиялықАғарту #Туризм #Оқушылар #ОрмандыҚорғайық Экология




