Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Ертіс орманы» табиғи резерватында орман шуаруашылығы үшін ерекше маңызға ие орман орналастыру жұмыстары басталды. Резерват аумағында соңғы орман орналастыру жұмыстары 2003 жылы өткен болатын.
Маңызды жұмыс Садықашы орманшылығында «Орман орналастыру» бойынша оқу-жаттығудан бастау алды. Оқу-жаттығулар Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының басшылығымен таксациялық құралдар мен аспаптарды (биіктік өлшегіш, толықтометр және т.б.) қолдана отырып жүргізілді.
Резерват және Аумақтық инспекция басшылығы, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мамандары және Павлодар облысының 100-ден астам орманшылары қатысты.
Орман орналастыру кезінде ғана ормандардың жай-күйі туралы, орман қоры жерлерінде болып жатқан өзгерістер туралы, Орман шикізатын пайдалану нормативтері туралы объективті және толық ақпарат алуға, сондай-ақ орманның экологиялық орнықты жай-күйін ұстап тұру үшін жағдай жасауға болады.