"Парктер шеруі 2024" халықаралық табиғатты қорғау акциясының басталғанын қуана хабарлаймыз. Павлодар облысының Шарбақты ауданының 25 мектебі мен Аққулы ауданының 23 мектебі акцияның басталуына орай 4000-нан астам оқушының қатысуымен челендж өтті.

Акцияның негізгі мақсаты-биліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының, коммерциялық ұйымдардың және планетаның барлық тұрғындарының назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) проблемаларына аудару, оларға ЕҚТА-ны сақтау мен дамытуға нақты тәжірибелік көмек көрсету, өскелең ұрпақтың бойында біздің табиғи игілігіміз үшін мақтаныш сезімін және оның жай-күйі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.

Халықтың табиғатқа деген оң көзқарасы, оны сақтауда ЕҚТА маңызды рөл атқарады. Акция әрбір адамға өз елінің ұлттық табиғи байлығының бірегей бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ашуға және өзінің нақты іс-әрекеттерімен олардың сақталуы мен дамуына жеке үлес қосуға мүмкіндік береді. Өйткені, табиғи Резерват-бұл Қазақстанның табиғи байлығының мақтанышы мен қазынасы және олар бүкіл қоғамның назары мен қолдауына сенуге құқылы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы "Парктер шеруі" үздік табиғат қорғау акциясына арналған республикалық конкурстың қорытындысы бойынша "Ертіс орманы" МОТР РММ "Парктер шеруі- 2023" табиғат қорғау акциясын ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ІІ орынды иеленді.

 

Акция ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін өтеді.