Орманды өрттен сақтау — табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Бұл істе өрт сөндіру техникаларының, әсіресе кәсіби жүргізушілердің рөлі орасан зор.

Осы бағытта абыроймен еңбек етіп келе жатқан азаматтардың бірі — Жерді Алаң орманшылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Алтай Әбілов.

Ол 2005 жылдан бері өрт сөндіру станциясында үздіксіз қызмет етіп, 20 жыл бойы тілсіз жауға қарсы күресте сенімді тірек бола білді.

Әріптестері оны кәсіби біліктілігі жоғары, техникаға жанашырлықпен қарайтын, кез келген жағдайда салмақты шешім қабылдай алатын жауапты маман ретінде сипаттайды.

Орман ішіндегі жағдайды жетік білетін Алтай Әбілов техникаға ұқыпты қарап, көлікті әрдайым сапалы күйде ұстап келеді.

Оның еңбек жолы — жас мамандарға үлгі, ал орман қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі — бағалауға лайық.

👏 «Ертіс орманы» ұжымы Алтай Әбіловке зор денсаулық, отбасына амандық, кәсіби жетістіктер тілейді!