2025 жылғы 1-28 ақпан аралығында Павлодар облысы аумағында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және заңсыз табиғат пайдаланудың алдын алу.

Ескерту: қорғалатын табиғи аумақтарда барлық түрдегі аңшылыққа қатаң тыйым салынады!

Азаматтарды табиғатты аялауға және қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Егер сіз табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілеріне куә болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына 102 нөмірі арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

#Браконьер #ТабиғаттыҚорғау #Павлодар #Экология #ЗаңТалаптарынСақтайық