2026 жылғы 6 тамызда «Ертіс орманы» МТОР РММ Шалдай филиалының Борабай орманшылығы аумағында авиациялық патрульдеу барысында орман өрті анықталды.

Өрт төменгі, әлсіз қарқындылықтағы өрт болды. Өрттің шығу себебі – найзағай разряды.

Орман күзеті қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді. Өрт шалған орманмен көмкерілген аумақтың көлемі 0,0006 гектарды құрады.

«Ертіс орманы» МТОР РММ орман қорын сақтауда өрттерді дер кезінде анықтау мен жедел әрекет етудің маңыздылығын еске салады.

#ЕртісОрманы #ШалдайФилиалы #БорабайОрманшылығы #ОрманӨрті #ОрманКүзеті #ЖеделӘрекетЕту #ОрмандыСақтайық #Экология #Қазақстан

 

 

image-06-08-26-12-50.jpgimage-06-08-26-12-51.jpgimage-06-08-26-12-51-1.jpgimage-06-08-26-12-51-2.jpg