Табиғи кешен және нысана қорғау қызметі бөлімінің инспекторлары аңшылықтанушылармен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді. Жоғарғы ауа температурасына байланысты жануарлар үшін маңызды саналатын жасанды суаттарда судың бар-жоғы мен жануарлардың жай-күйі тексерілді.
Бақылау нәтижесінде жасанды құдықтарда жануарлардың іздері мен қылдары анықталды. Бұл – жабайы табиғат өкілдерінің суаттарды пайдаланып жатқанын дәлелдейді.
Біздің басты мақсатымыз – жануарлардың амандығы мен табиғи тепе-теңдікті сақтау!