Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
“Табиғи байлығымен, жан-жануарлар дүниесімен бүкіл әлемге танымал еліміздің биологиялық әралуандығын қорғау айрықша маңызды міндетке айналды.”
Еліміздің экожүйесін сақтау мақсатында көптеген бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерваты ерекше орын алады. Бұл бірегей резерват:
🔸 Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар мен құстар мекені
🔸 Шұбыртпалы қарағайлы ормандар
🔸 Түрлі экожүйелер мен бай флора-фауна
Мемлекет басшысы биологиялық алуантүрлілікті сақтау қорын құру қажеттігін атап өтті. Бұл – экожүйелерді қорғау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау үшін маңызды бастама!