«Ертіс орманы» табиғи резерватының бастамасымен биоалуантүрлілікті сақтау тақырыбындағы кезекті дәріс өткізілді.
⠀
📍 Іс-шараға оқушылар қатысты. Дәріс барысында орман экожүйесінің маңызы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тепе-теңдігін сақтау, сирек кездесетін түрлерді қорғау жайында кеңінен ақпарат берілді.
⠀
🔎 Тыңдаушылар флора мен фаунаның адам өміріндегі орны туралы маңызды мәліметтер алып, қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілік жайында ой түйді.
⠀
Бұл сияқты танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

 

 

 

WhatsApp_Image_2025-10-07_at_14.32.20_1.jpegWhatsApp_Image_2025-10-07_at_14.32.20.jpeg