«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында минералданған жолақтарды жаңарту және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. 🌲🔥

Жұмыстар барысында минералданған жолақтардың жағдайы тексеріліп, қажет жерлерінде топырақ қабаты жаңартылып, өрттің таралуына тосқауыл болатын қорғаныс шептері қалыпқа келтірілуде.

Бұл — орман өрттерінің алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі. Минералданған жолақтар өрттің таралуын шектеуге және орман алқаптарын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

🌿 Орманды қорғау — ортақ міндет!
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, табиғатты бірге қорғайық!

 

image-11-08-26-11-24-2.jpegimage-11-08-26-11-24.jpegimage-11-08-26-11-24-1.jpeg