Бүгін резерватымызда ”Ұлытау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері: Директор Ғ.Қ. Қойшыбаев, Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы Е.Е. Рахманиянов, Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің басшысы Б.Б. Болат тәжірибе алмасу мақсатында резерватқа келді.

🔎 Тәжірибе алмасу барысында:
- Резерваттың өртті ерте анықтау жүйесімен танысып, оның маңыздылығын атап өтті.
- Орман өрт сөндіру станциясының жұмысын көрді;
- Өндірістік телімдегі қызмет барысымен танысты.

Мұндай кездесулер табиғатты қорғау саласындағы білім мен тәжірибені жетілдіруге, тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бірлескен күш-жігеріміз табиғатты сақтауға үлкен үлес қосары сөзсіз!

 

cfd7302f-f75c-468f-b112-ca36209bcd48.jpegb7c81a9a-bdf3-4e6a-a479-06601baccb88.jpegbccea369-4c4f-4948-9207-d9811b8cdff2.jpeg