Сыбайлас жемқорлық – әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатып отырған өзекті мәселе. Ол тек қана экономикалық дамуға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік, демографиялық, және саяси тұрақтылыққа да теріс әсерін тигізеді.
Елімізде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.
Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көріністерінің бірі. Пара алу, беру және делдал болу – бәрі де қылмыстық әрекеттер болып табылады. Әрбір азамат осы күреске үлес қосып, әділдік пен тазалықты қолдауы керек.
Біз таза қоғамды бірге құруға шақырамыз!
#СыбайласЖемҚорлыққаЖолЖоқ #ТазаҚоғам #Әділдік #ЖемқорлыққаҚарсы