Жауапкершілігі мол, күрделі кәсіптердің қатарына орманшы мамандығы кіреді. Орманшының еңбегі оңай емес. Оған тек төзімді, сабырлы, табиғатты аялай алатын адамға ғана барады. Солардың қатарында «Ертіс орманы» табиғи резерваты Шалдай филиалы, Шошқалы орманшылығының аумақ қорғау инспекторы-мемлекеттік иснпектор Күлпану Құрманғалиевада бар.
Күлпану Құрманғалиева 24 жыл орман шаруашылығында ерлермен қатар иық тіресе еңбек етіп келеді.
Орман шаруашылығына алғашқы қадамын 1986 жылы Шалдай филиалы, Шошқалы орманшылығының өрт сөндіру станциясынан бастап, 2017 жылы Шошқалы орманшылығының аумақ қорғау инспектор-мемлекеттік инспекторы болып ауысты. Жұмыс жасап жүріп Павлодар технологиялық колледжін «орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафт құрылысы» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Күлпану Құрманғалиева осы орманшылыққа қарасты 1170 гектар аумақтың қауіпсіздігіне жауап береді.
Бас орманшы бекіткен кестеге сай, тәуліктің қай сағаты болмасын орманшылық аумағын аралап, қорғауға алынған территорияда табиғат қорғау заңнамасының бұзылмауын жіті бақылайды.
Орман қорғаудан басқа, орман зиянкестері мен ауруларының таралуына жол бермеу, белгілеп өлшеу, жаңа ормандарды отырғызу және әлсіз екпелерге күтім жасау міндеттерінің барлығы Күлпану Құрманғалиеваның мойнына жүктелген.
Күлпану Құрманғалиева орман шаруашлығындағы қызметін, отбасылық міндеттерімен сәтті үйлсетіруде.