Ағымдағы жылдың 07 ақпан күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Қазбек Қасымұлы Әметов «Ертіс орманы» МОТР РММ бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды және бас директордың міндетін уақытша атқару міндеті жүктелді.
Қазбек Қасымұлы Әметов 1977 жылы 12 наурызда дүниеге келген.
Білімі жоғары: орман шаруашылығы, құқықтану және іскерлік басқару магистрі. 
Орман шаруашылығы саласында еңбек өтілі 10 жылдан астам.
Әр жылдары орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық қызмет атқарған.
Орман шаруашылығы саласы бойынша халықаралық деңгейде тағлымдамадан, тәжірибе алмасу мен біліктілігін арттыру курстарын тәмәмдаған.
  Бүгінгі таңда Павлодар қалалық мәслихатының VIII шақырым депутаты.
Үйленген,  төрт бала тәрбиелеп отыр.
«Ертіс орманы» табиғи резерватының ұжымы жұмысыңызға табыс тілейді!