«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында жануарлар әлемін зерттеу бойынша ғылыми жұмыс жүргізілуде. Мониторинг барысында орнатылған камера-ұстағышқа қабандардың тұтас бір отбасы түсіп қалды.

Мұндай кадрлар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға мүмкіндік береді және олардың тыныштығын бұзбайды. Бұл – фаунаны сақтау мен зерттеуге қосылған маңызды үлес.

Зерттеу жұмыстары жануарлар саны мен белсенділігін анықтап қана қоймай, оларды қорғау шараларын қабылдауға да ықпал етеді.