💐 Тулеубаева Қымбат Апсатқызы: 21 жыл байланыс саласында
🌱 Тулеубаева Қымбат Апсатқызы орман шаруашылығындағы еңбек жолын 2002 жылы Тайбағар орманшылығында радиобайланыс операторы болып бастады.
🌱 2004 жылы Орталық диспетчерлік қызметінің ашылуына байланысты сонда ауысып, содан бері осы салада табанды еңбек етіп келеді.
💐 Кәсібіне адал, өз ісіне аса жауапты маман ретінде ол орманды қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел басқару орталығының тиімді жұмыс істеуіне зор үлес қосуда. Қазіргі уақытта салаға жаңа технологиялар енгізілуде. Соның ішінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі құрылып, табиғат қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілуде.
💐 Қымбат Апсатқызы – орман шаруашылығына жанашырлықпен қарайтын отбасының өкілі. Оның анасы да көп жылдар бойы осы салада қызмет етсе, әпкесі де орманды қорғау ісімен айналысады. Осындай отбасылық дәстүр мен үлкен тәжірибенің арқасында ол өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарып келеді.
🌱 Орман – халқымыздың байлығы, оны қорғау – баршаға ортақ міндет. Бұл жолда Тулеубаева Қымбат Апсатқызы сынды өз ісінің майталмандарының еңбегі зор.