2026 жылғы 8 сәуірде «Ертіс орманы» РММ ТКжНҚ бөлімінің орман қорғау инженері Жунусов Д.К. «Өрт қауіпті кезеңнің басталуы» тақырыбында «Шалдай ЖОББМ» КММ-нің 5–11 сынып оқушыларына танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға орман өрттерінің пайда болу себептері, орманда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері, сондай-ақ өрт қауіпті кезеңдегі сақтық шаралары туралы түсіндірілді. Табиғатты сақтау әр адамның жауапкершілігі екеніне ерекше назар аударылып, өрттің алдын алу мәселелері қозғалды.






