«Ертіс орманы» МОТР РММ Бесқарағай филиалы Майқарағай орманшылығында, сондай-ақ Шалдай филиалының Сейтен және Бурабай орманшылықтарында қарағай жібек көбелегінің (Dendrolimus pini) әрекеттегі ошақтарына қарсы авиахимиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты — қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіретін қауіпті орман зиянкесінің таралуын шектеу және санын азайту. Өңдеу жұмыстары орманопатологиялық зерттеу нәтижесінде зиянкес ошақтары анықталған учаскелерде жүзеге асырылуда.

Қорғаныс шараларын жүргізу орман қорына төнетін қауіпті төмендетуге және резерват аумағындағы орман екпелерінің санитарлық жағдайын сақтауға мүмкіндік береді.

#ЕртісОрманы #Орман #АвиахимиялықӨңдеу #ҚарағайЖібекКөбелегі #ОрманҚорғау #Экология #Табиғат #Бесқарағай #Шалдай #Сейтен #Бурабай

image-27-05-26-11-58-1.jpeg