Оқу-жаттығу шеңберінде Павлодар облысы Шарбақты ауданының «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында шартты табиғи өртті жою жөніндегі іс-қимылдарды тәжірибелік пысықтаудан өтті. Табиғи резерват қызметкерлері, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен жауапты ведомстволар өрт қауіпті кезең жағдайында ТЖ жою кезіндегі іс-қимылын пысықтады.
Жаттығу жоспарына сәйкес, ыстық ауа-райы мен қатты желге байланысты орман алқабының аумағында күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты. Оқу-жаттығу шеңберінде табиғи өртті сөндіруге, халық пен жануарларды эвакуациялауға, жоғалған туристерді іздеуге және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта өртті сөндіруге байланысты 4 тәжірибелік тапсырма орындалды.
Оқу-жаттығуға барлығы 80 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды.