20 жылға жуық жыл он екі ай өскіндерді өсіріп,күтіп, табиғатпен біте қайнасқан Дариға Сапарованың еңбегін атап өтуді жөн көрдік.
Шалдай орман шаруашылығында еңбек ететін Дариға Сапарованы әмбебап әйел деуге болады. Өйткені ол жазда осындағы орман тұқымбағында, ал қыста ағаш тұқымын алумен айналысады. Айтуынша, екеуі де оңай емес, жауапкершілігі мол. Дариға Сапарова, орман шаруашылығының қызметкері: - Мұнда жұмыс істеу қиын. Екінің бірінің қолынан келмейді. Тұқым алу үшін бұл жерде үнемі пеш жанып тұрады. Яғни өте ыстық. Қондырғыға түскен қарағай бүршігін қатты күйдіріп алмау керек. Соны да қадағалап тұрамыз. Ол күйіп кетсе, тұқым да жарамай, сараптамадан өтпей қалады. Жаздың ыстығы мен күн райының түрлі қолайсыздығына қарамастан тұқымбақта көшеттерді сеуіп, оларды күтіп баптап тиісті отырғызу материалына жеткізуде осы Дариға Сапаровамен оның әріптестерінің мойынында. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында Дариға Сапарова бірнеше рет марапатқа ие болды.
Орманшы әйел ер әріптестерін сұлулығы мен мейірімділігіне тәнті етуімен қатар, ең алдымен еңбекші әйелге, үй шаруасындағы әйелге деген құрмет сезімін оятады!