Жыл сайын 22 мамырда әлем Халықаралық биоалуантүрлілікті сақтау күнін атап өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – табиғаттағы барлық тіршілік формаларын қорғаудың маңыздылығын еске салу және экожүйелерді тұрақты пайдалану қажеттігін насихаттау.

Биоалуантүрлілік – бұл біздің ғаламшарымыздың өмірлік негізі. Ол климатты реттеуге, су мен топырақ сапасын сақтауға, азық-түлік пен дәрілік өсімдіктерді өндіруге ықпал етеді. Дегенмен, қазіргі таңда түрлердің жойылуы, табиғи мекендердің азаюы және климаттың өзгеруі сияқты проблемалар биоалуантүрлілікке елеулі қауіп төндіруде.

Резерватымыздың ұжымы биоалуантүрлілікті сақтау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіп келеді. Ғылыми зерттеулер, экожүйелерді қалпына келтіру шаралары және қоғамды экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу – біздің басым бағыттарымыздың бірі.

Бұл ерекше күнде әрбір адам табиғатты қорғау ісіне үлес қоса алады: ағаш отырғызу, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық бастамаларды қолдау – табиғатты қорғауға жасалған әрбір қадам маңызды.

Табиғатты бірге қорғайық – болашақты бірге сақтайық!