Бүгін – табиғаттың жүрегі саналатын ормандарды қорғау мен сақтаудың маңыздылығын еске салатын ерекше күн!

🌳 «Ертіс орманы» орман табиғи резерватының жалпы аумағы – 277 961 гектар, оның 194 267 гектары – бірегей реликті ормандар. Бұл жасыл байлығымыз экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, биоалуантүрлілікті қорғауға және климаттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

Ормандар – тек таза ауаның қайнар көзі емес, олар мыңдаған өсімдіктер мен жануарлардың мекені, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтар үшін баға жетпес табиғи ресурс.

🌱 Орман – болашаққа аманат!Оның әрбір ағашы, әрбір жасыл желегі табиғатты қорғау жолындағы ортақ жауапкершілігімізді еске салады.

💚 Ормандарды сақтау, қорғау және көбейту бастамаларына қосылыңыз! Табиғатты бірге аялайық!