2025 жылдың 20 қарашасындағы №27-03/307-НҚ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығын орындау мақсатында, 2025 жылғы Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғауды күшейту бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін, «Ертіс орманы» МОТР РММ қызметкерлері Павлодар облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары К.К. Мусагалиевпен, сондай-ақ Шарбақты ауданы ПБ табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау шараларын өткізді.
Қазіргі уақытта Резерват аумағында 3 тұрақты бекет жұмыс істейді, сондай-ақ қылқан жапырақты жас ағаштарды тәулік бойы қорғау үшін JAC T6 қызметтік автокөліктерімен жабдықталған 19 мобильдік топ құрылған.
Бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректері анықталған жоқ.