Бүгін 10 желтоқсан күні орман шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкерлерінің бірі Ержан Ғазизұлы Сағадиевтің 60 жас мерейтойы.
Орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 30 жылдан астам. Орман шаруашылығындағы еңбек жолын 1988 жылы Бесқарағай ТШПП Солтүстік-Бор орман шаруашылығында орманшының көмекшісі болып бастаған Ержан Ғазизұлы, орманшы, кәсіпорнының орманды қорғау инженері, орман шаруашылығының жетекші инженері, табиғатты пайдалану инженері, Бесқарағай филиалы директорының орынбасары, Бесқарағай филиалының директоры лауазымдарында жұмыс атқарды.
01.03.2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарағай филиалының орман қалпына келтіру инженері болып жұмыс атқаруда. Ержан Ғазизұлы тұқымды жинаудан бастап, орман отырғызуға дейінгі жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, бақылауының арқасында Бесқарағай филиалы жыл сайынғы орман отырғызу жоспарын орындап келеді.
Көп жылғы сіңірген еңбектің нәтижесі ретінде, Ержан Ғазизұлы 2020 жылы І дәрежелі БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төс белгісімен және бірнеше рет аудан әкімінің және резерват басшылығының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ержан Ғазизұлын мерейтойымен шын жүректен құттықай отыра зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!