"Ертіс орманы" резерватының мамандары Ақтоғай ауданының білім беру ұйымдарында қарағай тұқымын себу бойынша ауқымды экологиялық акцияны аяқтауда.

Акция аясында резерват қызметкерлері Ақтоғай ауылы М. Қайырбаев атындағы орта мектептің оқушыларымен бірге қарағай тұқымын екті. Іс-шараға 7-8 сынып оқушылары қатысып, 120 тұқым септі.

Бұл маңызды бастаманы Ақтоғай ауданының басқа мектептері де белсенді қолдады. Жалпы, оқушылар мен мұғалімдер тағы 1080 қарағай тұқымын себуді жоспарлап отыр. Бұл шара аймақты көгалдандыруға және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.