«Парктер шеруі – 2026» халықаралық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 18 мамырда туризм және экологиялық ағарту бөлімі Бесқарағай филиалының қызметкерлерімен бірлесіп «Дұрыс сұрыпта» тренинг-ойынын өткізді.

Тренинг барысында қызметкерлер қалдықтарды бөлек жинау қағидаларымен танысып, экологиялық сауаттылықты арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік тапсырмаларға қатысты.

Тренинг-ойын қоршаған ортаға қамқорлық қарапайым, бірақ маңызды әдеттерден басталатынын еске салды. Экологиялық мәдениет пен табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыру — болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтаудағы маңызды қадам. 💚

#ПарктерШеруі2026 #Экология #ЭкологиялықАғарту #ДұрысСұрыпта #ТабиғаттыҚорғайық #ТазаҚазақстан

 

image-22-05-26-02-40.jpegimage-22-05-26-02-40-2.jpegimage-22-05-26-02-40-3.jpeg