📢 2025 жылғы 20 наурызда “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының аумағында “Парктер шеруі-2025” ауқымды экологиялық акция бастау алды!
🌍💚 Акцияның мақсаты – қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру.
🌱 Ашылу рәсімі экологиялық марафон форматында өтті, ол кезең-кезеңімен әртүрлі мектептерде ұйымдастырылып, жаңа қатысушыларды тарта отырып, табиғатқа жанашырлық танытатын тізбек құру.
💡 Акция аясында қатысушыларды экологиялық ойлауды қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған қызықты іс-шаралар күтеді.
🌿 Жасыл болашаққа бірге қадам басайық! Акцияға қосылыңыздар және экологиялық қозғалыстың бір бөлшегі болыңыздар! 💚