Бүгін Мемлекет басшысының Таза Қазақстан экологиялық акциясын өткізу тапсырмасын орындау, орманды сақтау және молықтыру идеясын қолдау мақсатында және «Парктер шеруі» экологиялық акциясының жоспарына сәйкес «Ертіс орманы» табиғи резерватында кәдімгі қарағай көшеттері отырғызылды.
Акция, Шалдай ауылдық округінің әкімдігімен, Шалдай жалпы орта білім беру мектебімен, Авиа бөлімшемен, Медициналық әлеуметтік мекемесімен, Ауылдық кітапханамен, Мәдениет үйімен, елді мекен тұрғындарымен қолдау тапты.
Акцияға қатысушылар Тайбағар орманшылығында 2000 дана жас қарағай көшеттерін отырғызды.
Акцияға барлығы 100 адам қатысты.
Осындай шара азаматтарды табиғатты аялауға, ормандарды қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ елді мекендер айналасын бірлесіп көгалдандыруда маңызды рөл атқарады.