Құрметті Шарбақты және Аққулы ауданының тұрғындары!
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының барлық аумағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылады, осылайша аумақта құм өндіру, жердің құнарлы қабатын қызп алу заңсыз болып саналады. Заң бұзушылар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылады.
Жердің 1 м2 құнарлы қабатын алғаны үшін келтірілетін шығын мөлшері:
– 25 см тереңдікке дейін - 3 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
– 25 см-ден астам тереңдікке -5 АЕК.

Заңсыз құм өндіру ормандарға орыны толмас орасан зор зиян келтіреді жер бедері ғана емес, сонымен қатар ормандағы өсімдіктердің саны да азаяды.
Азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырамыз!
ҚҰМДЫ ЗАҢСЫЗ ӨНДІРУ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА
КЕЛЕСІ НӨМІРЛЕРГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР:
8(7182) 78-77-32
8(71836)32-2-22
8(71836)32-2-72
87056019680
102